Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тәжірибе алмасу – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі
24-01-2018 14:34
Тәжірибе алмасу – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі

         Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын жетілдіру мақсатында №19 жалпы ортабілім беру мектебінде 24.01.2018 ж. күні деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің ұйымдастыруымен түрлі тақырыптарда коучингтер өткізілді. Атап айтсақ, биология пәнінің мұғалімі Отарова Айжан Жеңісқызы сабақта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланудың тиімділігін анықтау, сабақ барысындағы жаңа әдістердің түрлерін білу, саралау. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы оқушыларды ынталандыру, өзіндік білім алуды дамыту жолындағы іс-әрекетке баулу. Қазіргі кездегі оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің білім беру жүйесіндегі алатын орнына баға беру мақсатында «Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдану жолдары» атты коучинг өткізсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразбаева Бигүл Қазтайқызы «Сыни ойлау дағдыларын дамытудағы сұрақ қоюдың маңызы» атты коучинг өткізді. Коучинг мақсаты: Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытудағы сұрақ қоюдың маңызын түсіну. Сұрақтарды оқушылардың білім алу қажеттілігіне сай құра білуге бағыттау болды. Сол сияқты география пәнінің мұғалімі Рыспаева Мейрамкүл Жақсылыққызы оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау теориясын сабақта қолдануға үйрету, критериалды бағалаудың тиімділігін көрсету мақсатында «Критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыбында мектеп мұғалімдерімен коучинг өткізді.
       Коучинктер өте мазмұнды, жоғары дәрежеде өткізіліп, мұғалімдер белсенді әрі қызығушылықпен қатысты. Олар тиімді әдіс-тәсілдердің басқа да түрлерімен таныса отырып, оларды өз сабақтарында қалай қолданудың жолдарын меңгерді, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Осындай жақсы үрдіс мектебімізде жыл көлемінде үзілмей өткізіліп отырады.

Қазақ тілі мұғалімі Сулеева Г.С.