Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектебімізде Павлодар облысының 80 жылдығына орай «Кереку – туған өлкем, қандай көркем» атты кеш болып өтті.
05-03-2018 14:21
Мектебімізде Павлодар облысының 80 жылдығына орай «Кереку – туған өлкем, қандай көркем» атты кеш болып өтті.

Мектебімізде Павлодар облысының 80 жылдығына орай «Кереку – туған өлкем, қандай көркем» атты кеш болып өтті. Бұл кештің мақсаты - өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өзінің туған жерінің тарихын танып білуге, Отанын, елін сүюге, өткені мен бүгінін салыстыра отырып бағалай білуге тәрбиелеу. Кештің бірінші бөлімі туған өлке тарихына арналып, бейнефильм көрсетілсе, екінші бөлімінде жерлес ақын –жазушыларымыздың шығармаларын оқудан сайыс өткізілді. Бұл сайыста бастауыш сынып оқушылары бақ сынасты. Туған жерінің тарихымен танысып, ақын аталарының өлеңдерін жарыса жатқа айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің үкілеп әкелген жүйріктерін бағалау әділқазылар алқасына да оңайға соқпады, дегенмен ерекше көзге түскен оқушылар жүлделі орын алып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Кеш соңында осы шараны ұйымдастырған кітапхана қызметкері Ибраева Шолпан Каденқызы «Павлодар облысына 80 жыл» атты кітап көрмесімен таныстырып, кітаптар мазмұнына қысқаша шолу жасады. Оқырмандарын кітап оқуға, елін, туған жерін сүюге, елінің білімді азаматтары болуға шақырды.