Наурыз мерекесі.
2018 жылдың 22-наурызы күні Павлодар қаласы №19 жалпы орта білім беру мектебінің базасында шағын аудан тұрғындары үшін Наурыз-думан мерекесі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Мерекеде оқушылардың және мұғалімдердің күшімен көпшілікке думанды концерттік бағдарлама ұсынылды. Бұл күні мерекелеп келушілерге ақ дастарқан жайылып, қонақтар бауырсақтан, Наурыз көжеден, тәтті палаудан дәм татып, хош иісті, жеңіл дәмді шәй ішті.
Мектеп жанындағы стадионда ұлттық ойындар сайыстары ұйымдастырылып, қонақтар шапшаңдық, жылдамдық, ептілік бойынша өзара күш сынысты. Мектеп оқушыларының ата-аналары шағын аудан тұрғындары үшін мереке ұйымдастырған мектеп ұжымына ерекше алғыс білдіреді. Мереке үшін Сіздерге зор алғыс айтамыз!