Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Адрес: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің апталығы
21-09-2018 08:59
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің апталығы

«Тіл-ұлттың жаны» атты апталықтың ашылуы «Сыр сандықтан сұрақтар» ойынымен басталды. Оқушылар тосыннан қойылған сұрақтарға тосылмай жауап беріп, сыйлықтарға ие болды.

5-сынып оқушылары топтық сайысқа түсті. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Б.А.Турсынова мен М.Ж.Көпееваның «Кіл жүйрікте кім жүйрік» айдарымен өткізген сайысы оқушылар көңілінен шықты. Орта буын оқушылары алғырлық танытып, берілген тапсырмаларды өте жауапкершілікпен, үлкен құлшыныспен орындап, өздерінің білімділіктерін, тапқырлықтарын байқата білді.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Г.С.Сүлеева мен Б.К.Оразбаева 9-сыныптар арасында «Әдебиет көшбасшысы» танымдық ойынынөткізді. Оқушылар ауыз әдебиеті, халқымыздың салт-дәстүрілері бойынша өз білімдерін ортаға салып, қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

«Көрікті ойдан көркем сөз» айдарымен 8-11-сынып оқушыларының арасында эссе сайысы өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Б.К. Оразбаева мен Г.С. Әлкееваның жетекшілігімен 10-11-сынып оқушылары арасында «Махаббатсыз дүние бос...» атты кеш ұйымдастырылды. Кеш өте тартымды өтті, оқушылар ойларын еркін жеткізіп, өз көзқарастарын білдірді.