Павлодар қаласының № 19 жалпы орта білім беру мектебі бойынша
МАБ-ға дайындық алдын ала тестілеудің қорытындысы туралы анықтама.
Мақсаты: мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен оқушылардың ҚР Білім мен ғылым минстрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығын орындау.
Мектеп бойынша МАБ-ға дайындық, жауапты мұғалімдер мен қосымша сабақ кестесі көрсетілген мектепішілік бұйрығы бекітілді. Әр апта сайын 9-сыныптарда сенбі күні, 4-сыныптарда бейсенбі күні МАБ-дан алдын ала тестілеу өткізілу жоспарланған.
Тестілеудің қорытындысы бойынша әр мұғалім өз пәні бойынша мониторинг жүргізіледі және қате жіберген сұрақтар бойынша анализ жасап қатемен жұмыс өткізеді. ҚББ бөлімі сайтының тесттер базасынан алынған орыс тілі бойынша тесттер және мұғалімдердің өздеріндегі тесттер оқу бағдарламасына сай құрастырылған. Ағылшын тілі мен математика пәні бойынша тесттер жинағы аз болғандықтан бүгінгі күні проблема тудырып отыр. Сонымен қатар ағылшын тілінен тесттерді сканерден өткізгендіктен сапасы төмен. Бұл сұрақ әкімшілік кеңесте өткен жұмада қарастырылып ағылшын тілі мұғалімдерінің МАБ-ға дайындық жұмыстары туралы есептері тыңдалды, пән мұғалімдеріне әр тарау бойынша тақырыптық тесттер құрастырылып, дереу жауаптары беріліп және сынып жетекшілеріне электронды түрін беру тапсырылды. Осы сұраққа келесі әкімшілік отырыста қаңтар айында қайта оралу шешілді. Математика пәні мұғалімдері де осы жұмысқа қамтылуы керек екені ескертілді.
Денсаулығы бойынша ДБК анықтамасы негізінде 9Г- сыныбында 2 оқушы Болат Азамат және Бұхарбаев Асхат МАБ-ға қатыспайды, олардың анықтама құжаттарын әзірлеу сынып жетекшісі мен мектеп психологына тапсырылады.
Бүгінде 9-сынып оқушыларының МАБ-ға дайындық қосымша сабақтарына қатысуы көңіл толтырмайды. Оқушылар 6-сабақтан кейін сағат 15.00-де өткізілетін дайындық сабағына толығымен қатыспайды. Сынып жетекешілері мен пән мұғалімдеріне оқушылардың қосымша сабаққа және алдын ала тест жұмыстарына қатысуы ескерілді. ІІІ-тоқсаннан бастап алдын ала тестілеудің бағалары журналға қойылатыны оқушыларға ескертілді.