Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Язык дружбы и согласия» тақырыбында орыс тілі онкүндігі өтті
13-12-2010 18:00
«Язык дружбы и согласия» тақырыбында орыс тілі онкүндігі өтті

Павлодар қаласының № 19 жалпы орта білім беру мектебі бойынша

«Язык дружбы и согласия» тақырыбында орыс тілі онкүндігі өтті

Мақсаты: оқушыларды орыс тіліне қызықтыра отырып оқытып, оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отыра білім деңгейін көтеру.

Мектептің 2010-2011 оқу жылына арналған мектеп жоспарына сәйкес және мектепішілік бақылау, басқару сұрақтарын жүзеге асыру мақсатында 1.12.10-11.12.10 уақыт аралығында «Язык дружбы и согласия» атты мектепішілік орыс тілі онкүндігі жарияланды. Оның жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға 4А,Б және 6Б-сыныптарында орыс тілінен ашық сабақтар мен барлық сынып параллельдері бойынша ашық тәрбиелік шаралар жоспарланды. Онкүндік тақырыпқа сай ертеңгілікпен ашылды. Ертеңгілікте 4-сынып оқушылары өлең оқудан, мақал-мәтел айтудан, ән шырқаудан сайысқа түсті. Шараға жауапты болған Сулейменова Н.Ж. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері шараға қатысып өтуі , оқушылардың сырт келбеті, жалпы ұйымдастырылуы бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Онкүндік жоспарында 4А-сыныбында Сулейменова Н.Ж. орыс тілінен «Имя существительное» тақырыбы бойынша қорытынды ашық сабақ өткізді. Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары орынды қолданылды. Сабақта түрлі: суреттік жатжазу, теру жатжазу, кроссворд, сканворд шешу сияқты шығармашылық тапсырмалар кеңінен қолданылды. Оқушыларға бұл тапсырмалар таныс екені олардың әр тапсырманы қызыға орындағанынан көрінді. Сабаққа қатысқан орыс тілі мұғалімдері оқушыларды тиімді бағалап, уақытты үнемді пайдалану және заман талабына сай интербелсенді тақтаның мүмкіндігін қолдану туралы өз ұсыныстарын айтып, сабақты 4-ке бағалады.

9.12.10 сағ.14.00-де 6В – сыныбында Скакова Г.К. «Суффиксы имени существительного» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ оқушылардың шығармашылық қабылетін дамытуға бағытталған тапсырмаларға көп болды. Оқушылар өз деңгейлері бойынша 3 топқа бөлініп отырғызылды, әр топтың өз басшысы болып бағалау парағын жүргізіп отырды. Бұл оқушылардың орындаған тапсырмаларына қарай объективті бағалануына мүмкіндік берді.

6.12.10 сағ.12.00-де 5-сыныптар арасында «Брейн-ринг» сайысын Сергазина С .А. өткізді. Сайысқа 5а,в,г, д сыныптары қатысты. Олар команда атауы, ұраны, речевкасы, өзгеше атрибуты және 4 тапсырма бойынша сайысқа түсті. Тапсырмалар 5-сынып бағдарламасы бойынша құрылған, музыкалық әндер оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай дайындалған. Сыныптар және сынып жетекшілері жақсы ойын көрсетіп сайыс өз мақсатына жетті. Сайыс қорытындысы бойынша 5А-сыныбы І-орын, 5Д-сыныбы ІІ-орын, 5В-сыныбы ІІІ-орынға ие болды.

7.12.10 сағ.13.00-де 7-сынып оқушылары арасында «Дружба крепкая не сломается» тақырыбында жарыс өткізілді. Жарысқа 7а, б, в, г сыныптары қатысты. Жарыс шығарма, сурет, мәнерлеп оқу шығармашылық сайыстарынан тұрды. Оқушылар дос туралы мақал-мәтелдерді өте көп білетінін сайыста көрсете білді. Шарада достық, дос туралы орыс тіліндегі әндер көпшіліктің көңілінен шықты. 7А-сыныбы І-орын, 7Б-сыныбы ІІ-орын, 7В-сыныбы ІІІ-орын иеленді.

9.12.10 сағ.13.00-де 6-сыныптар арасында Интеллектуалды марафон сайысын Казымбетова А.К. ұйымдастырды. Шараға барлық сынып ат салысты, 3 топ сайыс ережесіне сай топтың атын, ұранын, речевкасын әзірлеген. Залдағы көрермендермен қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Үзіліс кезін де оқушылар ән айтудан өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша өз жеңімпаздары анықталды: І-орын – 6А, ІІ-орын – 6В, ІІІ-орын – 6Б сыныбы алды.

10.12.10 сағ.13.00-де 11 сыныптарда «Языковой марафон» КВН сайысын Оразалина К.Р. ұйымдастырды. 9 кейстен тұратын КВН сайысында екі топ орыс тілінің грамматикасын, орфография мен орфоэпия салаларын, әдебиетін қамтитын қызықты логикалық сұрақтарға жарыса жауап беріп, өз білімдері мен шығармашылықтарын ортаға салды. Сайыс тапсырмалары ҰБТ– ға кіретін сұрақтарды да қамтыған. Сонымен қатар көрермендермен ойын ұйымдастырылып, қөркем шығармадан жатқа үзінді оқылды. Тәрбиелік шара өз мақсатына жетіп, сайысшылар мен қатысушылардың көңілінен шықты.

11.12.10 сағ. 13.00-де 8-9 сыныптар аралығында Оспанова М.Б. «Лингвистический марафон» сайысын ұйымдастырды.