Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
19 наурыз күні мектебімізде "Наурыз" мейрамы аталып өтілді. "Наурыз" мейрамы сыныптар арасында сайыс ретінде өткізілді. Сайсытың мақсаты: Қазақстандық патриотизмге азаматтық жауапкершілікке және өз отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Өткізілу шарты: 1-11 сынып оқушылар қатысып, екі сынып бірігіп, бір ауылды ұсынды. Әр ауыл өзінің бұрышын безендіріп, ұлттық дастархан жайдыжәне қорғады. Әр ауыл қазақ халқының салт – дәстүрін көрсетеді, Ауыл аталуы мен салт – дәстүр жереби таңдау арқылы анықталады.
Әр сынып оқушылары, сынып жетекшілері, ата-аналары белсенді қатысты. Сыныптар марапаттарға ие болды.
55830937_2373482602976343_8911386371980350218_n
55918840_2195823964000129_3648005656261412290_n