Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Күш сынаса білеміз бе?
26-02-2011 09:15
Күш сынаса білеміз бе?

Мектептің спорт залында мұғалімдер арасында « Көңілді эстафета»  ойыны болып өтті. Оны мектептің   ДТІЖО Шулбаева Қаламқас  Байдуллақызы  мен денешынықтыру мұғалімдері  ұйымдастырды. Бұған мектептің  24 ұстазы қатысып, 10 түрлі спорт ойындарынан сайысқа түсті. Сайысқа ер мұғалімдер толық  қатысты. Ұстаздар үш топқа бөлініп, топтың атын, капитандарын  тағайындады. І топтың аты «Жастар», ІІ топ «Тұлпар», ІІІ топ «Барыс» болды. І топтың капитаны  денешынықтыру мұғалімі Қазналхан  Нұрбек, ІІ топтікі- Кабдуллин Нұртас , ІІІ топтікі- Садуақасов Ерлан  болды. Эстафета допты алып жүру, секіртпемен секіріп  жүгіру, допты тасу, хоккей, тартыспақ  т.б. спорт ойындарынан тұрды. Сондай –ақ ойынды бағалап,  қорытындылау үшін мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы Оспанова Майра Болатқызы  мен кітапханашы Ибраева Шолпан Каденқызы  әділ қазылар болып сайланды.

      Эстафета өте көңілді, қызықты өтті. 3 топ та өте белсенді, әділ ойнады. Алайда «Тұлпар» тобы өзінің ұйымшыл, шапшаңдығымен басқа топтардан басым түсті. Ойын соңында әділ қазылар ұпай санын шығарып, нәтижесін хабарлады.  Ойын қорытындысы бойынша,  3 орынға 21 ұпаймен «Барыс» тобы шықты, 2 орын 24 ұпаймен «Жастар» тобына берілді, ал 1 орынды 28 ұпай санымен «Тұлпар» тобы жеңіп алды. Әділ қазы мүшелері  «Тұлпар» тобын жеңісімен құттықтап, осындай сайыстар мұғалімдер арасында жиі өткізіліп тұрса екен деген тілектерін білдірді.

                                                                     Гүлсия Саматқызы ӘЛКЕЕВА, қазақ тілі мұғалімі.