Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» шығармашылық сайысының ІІІ кезеңі өтті
26-02-2011 09:18
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»  шығармашылық сайысының ІІІ кезеңі өтті

Мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуальды мәдениет пен сыни ойлауды қалыптастыра отырып, ұстаз бен шәкірт арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру мақсатында №19 қазақ мектебінің  10 жылдық мерей тойына орай «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»  шығармашылық сайысының  өткізіліп отырғанын естеріңізге салып кетеміз.

Сайыстың ІІІ кезеңінде  сайысқа қатысушы жұптарымыз  халқымыздың өшпес қазынасы болған ұлттық қолөнерді жаңа заманауи нақышпен  көрермен қауымға ұсынды. №1-4 жұп сайыскерлері бастауыш буын оқушыларымен «Шебердің қолы ортақ» номинациясы бойынша ортаға өз қалауларымен таңдаған қолөнерлерін көрермен

қауымға тарту етті. Бұл жұптар әділқазылар мынадай өлшемдар бо

йынша бағаланды:

  1. Қолөнер түрінің тұрмысқа қажеттілігіне қарай таңдап алынуы; 
  2.             Қолөнер бұйымының оқушының жасына сай таңдап алынуы;
  3. Оқушы бойында белгілі бір кәсіби қалыптастырудағы орны;
  4. Дарындылығы, шығармашылығы, жаңашылдығы;
  5. Мұғалім мен шәкірт арасындағы шығармашылық байланыстың

көріну деңгейі;

  1. Мұғалім тарапынан педагогикалық шеберліктің қалыптасуы

Ал, №5-10 жұптар «Әнді сүйсең , менше сүй»» номинациясы

бойынша қазақ композиторларының эстрадалық әндерін нақы

шына келтіріп орындады.  Бұл  өнерлі жұптарымызды әділ

қазылар мынадай өлшемдар бойынша бағалады:

  1. Әннің тақырыпқа сәйкестілігі;
  2. Сырт келбеті, киім кию үлгісі;
  3. Ұйымдастырушылдығы, орындалу деңгейі;
  4. Дарындылығы, шығармашылығы;
  5. Жаңашылдығы;
  6. Мұғалім мен шәкірт арасындағы шығармашылық байланыс
  7. тың көріну деңгейі;
  8. Мұғалім тарапынан педагогикалық шеберліктің қалыптасуы

Сайыстың ІІІ кезеңінде де ұстаздар мен шәкірттерден құрылған жұптар

өз өнерлерін жан-жақтама көрсете білді.Әсіресе оқушылар ұстаздарына мықты сүйеніш болғандығы олардың орындауларында нақты көрініп тұрды. Бастауыш сынып оқушылары қолөнерімен көрермен қауымды тамсандыра білді десек артық айтқандық болмас. Соңғы кезеңде де біз жұлдызды жұптарымызды жаңаша қырынан танимыз деген ойдамыз.

Қаламқас Байдуллақызы Шулбаева,

Директордың тәрбие бойынша орынбасары.