"Тәуелсіздіктің жеті қыры" атты бейне фильмдер циклін көрсету аясында № 20 мектеп-лицейінде қашықтықтан сынып сағаттары өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында бүгін №20 мектеп-лицейінде "Жаңғыру жолы", "В единстве сила", "Сынақ cағаты"деректі фильмдерін талқылаумен бірыңғай сынып сағаттары өтті. Іс – шараның басты мақсаты-өскелең ұрпаққа Тұңғыш Президенттің басшылығымен жүргізілген тәуелсіз Қазақстанның негізгі реформаларының маңыздылығын жеткізу. Фильмдердің мазмұны беделді спикерлердің – белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, саясаттанушылардың, экономистердің естеліктері мен пікірлеріне негізделген.