Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
АДАЛДЫҚ САҒАТТАР

.

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: «ТУРАЛЫҚТЫ 
ТҰҒЫР ЕТКЕН ТӨЛЕ БИ»
 
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.
  «Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында жастар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты.
  Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі. 
  Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге. 
  Төле бидің өмірі дүниеге жаңа қадам басқан жастардан бастап, ересек тұлғаларға дейін рухани ұстаным бола алады.
   Заманын болжай білген Төле би «Алдыңа келсе бітпес дау, әділін айтып қорғаңыз» деп әділдікті ең басты құндылық ретінде ұстанады.
Сондықтан да бабамыздың әрбір сөзі тәрбиелік мәні зор адамгершіліктің алтын қоймасы іспеттес.
  Төле би әр істе ұятты ұмытпауға шақырады. Жаман қасиеттерден алшақ болуға, еңбексүйгіштікке үндейді: «Жас адамға басты кесір – еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір – тілазарлық» деп жағымсыз қасиеттерден сақтандырады.
  Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс.
Дана бидің ұрпағына аманат еткен асыл сөздері нағыз ақиқат пен парасаттылықтың ұшқыны ретінде «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқандай. 
  Естеріңізге сала кетсек, Агенттікпен жастар арасында парасаттылық пен патриоттық сезімді нығайту мақсатында, әр апта сайын атақты тұлғалар мен Қазақстанның жас көшбасшыларының еңбегі мен өмір жолына негізделген онлайн «Адалдық сағаттары» өткізілуде.
 
Бейне-дәріске сілтеме:
https://youtu.be/oco0qFCBJDo
 
 
 
«Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы»
тақырыбындағы «Адалдық сағаты»
 
  Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті.
  «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен еліне қызмет етуге арнаған.
 Сұлтанмахмұт поэзиясы – ақындық шеберліктің, ұлт жандылықтың, азаматтықтың мектебі. Ақын өзінің саналы, саяси, жазушылық өмірін:
«Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын, не көрсем де осы жолда
Шар шармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда»
– депжырлап, өмірбойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді: өзінің халқына өнер, білімнің шыңына шығу арқылы еркіндік, бақытіздеді.
   Ақынның бел шешіп жазуісімен айналысқан кездері қазақ халқының тарихында өте бір ауыр жылдареді. Ол мәдениеті озық, экономикасы дамы ғанелдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалықтың  жаршысы бола білді. Сол себепте нақын «Бүгінгі жастарға оқу міндет, бар қиындықты тек қанағылым жеңбек»деген үлкен ой тастап:
«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам
Қараңғылықтыңкегіне
Күнболмағандакімболам?», – депжазды.
    Ақынды толғандырған мәселелер бүгінде өзектілігін жоғалтқан жоқ.   
 Автордың пікірінше, әділдік қана адамдарды «өзара таласудан», «адамның көз жасынан» және «қан төгуден» құт қара алады. Әділдік – бұл «бақыт пен күштің кілті».
 
Бейне-дәріске сілтеме: 
https://www.youtube.com/watch?v=VF3wuITxb6s&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=2
 
 
 
 
 , 
 
«Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында "Адалдық сағаты"
 
  Сәкен Сейфуллин – мемлекетжәнесаяси қайраткер, ақынжәнежазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының жандануы мен өркендеуі үшін өз өмірін қиған қазақ қайраткерлерінің тобына жатады.
  Сәкен Сейфуллиннің сан қырлы күрделі болмысындағы ерекше қасиеттерінің бірі – жас ұрпақтың білім-ғылымына деген адалдығы.Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болған кезінде білім алушы жастарға алғаш рет шәкіртақы тағайындап, «қазақ жастары әлемнің мықты оқу орындарында білім алуы тиіс» деген идея көтерді.
  Ол жас ұрпаққа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды өзінің міндеті деп санады. «Әр азаматтың бір көзі оқу ісінде болып, соған қолынан келген жәрдемін тигізіп отыруы – мойынына артылған парыз. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса да оқу ісіне жәрдем қылмасаң – кейінгі жас буынның қолы жағаңда кетеді», – деген жөн сөздері қоғам қайраткерінің биік өресін танытады.
  Оның поэзиясының басты идеясы – дос қадірін білу, достыққа адалдық. Ақын адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың аражігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жырлап өткен.
  Жас ұрпақты париоттыққа, Отанын сүюге, халық тілегін іс жүзіне асыруда қандай қауіп қатерден де қорықпай, қиындықты жеңе білуді үлгі етуде Сәкендей тұлғаның орны ерекше.
  Адалдық, кішіпейілділік, ар азығына кір келтірмеушілік, шыншылдық сынды құндылықтарды таза сақтап қалған тұлғасымен және көркем туындылары арқылы ол кейінгілерге – ұстаз.
  Ел жастарына осы туралы бүгінгі онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды.
 
   Бейне-дәріске сілтеме: 
https://www.youtube.com/watch?v=-Ro7dcnm75U&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=8