Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Қазіргі заманауи жастарға патриотизм тән бе?" дебат сайысы
11-12-2020 15:21
   "Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру " республикалық бағдарламасы аясында 10.12.2020 жылы тарих пәнінің мұғалімі Шарденова Ж. Б. "Қазіргі заманауи жастарға патриотизм тән бе?" атты тақырыпта дебат сайысын ұйымдастырып өткізді, оған 10-11 сынып оқушылары қатысты.
    Іс-шараның мақсаты: оқушыларды патриотизмге, тарихи құндылықтар мен халық дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ой-өрісін, функционалдық сауаттылығын дамыту. Пікірталас үш кезеңде өтті, оның барысында "Ақиқат" және "Парасат" командаларының оқушылары өз көзқарастарын білдірді, таңдалған позицияны дәлелді түрде қорғады, қарсыластардың күшті және әлсіз жақтарын атап өтті. "Ақиқат" командасының пікір-сайысшылары И.Садыкова, Д. Темирова, "Парасат" командасының пікір-сайысшылары С. Уразалимова, А. Бекболат ерекше белсенділік танытты. Достық жеңді!
  Пікірталас Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін"шығармасынан үзіндімен аяқталды:         
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қыран құстай қайратты,                                                                                    Мен жастарға сенемін!                                                                                         Жадыра Борангазиевна оқушыларға шығармашылық табыс пен келесі дебаттық жарыстарда нәтижелі биік шыңдарды бағындыруды тіледі!