Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан Тәуелсіздік Күнін тойлайды
13-12-2020 21:19
Қазақстан Тәуелсіздік  Күнін тойлайды

       Қазақстан Тәуелсіздік Күнін тойлайды. 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік Күні. Бұл мереке біздің мемлекетіміздің бостандығы мен қуатының символы болып саналады. Қазақстан ең маңызды таңдау жасады және ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырды - Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялады, бұл мүлдем жаңа ел құруға жол салды. Өткенге көз жүгіртсек, біздің еліміздің барлық даму саласында қандай жетістіктерге жеткендігін бағаламай, байқамай қалу мүмкін емес. Мереке қарсаңында № 20 лицей-мектебінің кітапханашысы Н.А.Тебенькова дайындаған «Халықтың басты жетістігі - Тәуелсіздік» атты бейне презентациясында Қазақстанның жаңа жетістіктері мен сәтті өзгерістері сипатталған. Презентациядан оқушылар Қазақстанның Конституцияны қабылдауы, өзінің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, спорттық мереке - Қысқы Азия ойындары, ЭКСПО көрмесі, республикада қабылданған экономикалық және мәдени бағдарламалар туралы білетін болады. Мұндай іс-шаралардың маңызы зор: олар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстанның тарихи өткеніне, бүгіні мен болашағына деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.