Квест ойыны
Жақында оқушылар сарайында шытырман оқиғалы квест-ойын өтті, оған Павлодар облысының мектептерінен 221 оқушы қатысты. Ойынның мақсаты: оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, зейіні мен тапқырлығын жандандыру.
Ойын қашықтық форматында өтті. Оқушылар онлайн режимінде география және Қазақстан тарихы саласындағы өз білімдерін көрсетуге тиіс болды.
Байқау жеңімпаздары арасында № 20 мектеп-лицейінің 10 Б сынып оқушысы Томирис Бегембет І орын алды. Томирис барлық тапсырмаларды өте жақсы орындап, ойынның жоғары жылдамдығын және Қазақстан тарихы мен географиясы саласындағы білімін көрсетті.