Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№20 лицей-мектебінде кітапханалық сабақ
04-02-2021 12:29
№20 лицей-мектебінде кітапханалық сабақ

   Оқудың алғашқы күндерінен бастап: «Кітапханадан кітап таба аласыз» дегенді естиміз. Адам өмірінде бұрыннан таныс, үйреншікті жағдайға айналған таңғажайып кітапханалар әлемімен танысуымыз осылай басталады. № 20 лицей-мектебінің кітапханашысы Н.А.Тебенькова ең көне кітапханалардың бірі, облыстың басты кітап қоймасы туралы айтты. Наталья Александровна Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға 9-11 сынып оқушыларымен виртуалды экскурсия жасады. Кітапхана тарихы, Қазан төңкерісі кезінен бастап қазіргі тәуелсіз Қазақстанның құрылысына дейінгі уездік қаланың өмірі, кітапхана тарихы оқушылар назарына ұсынылды. Биылғы жылы кітапхана 125 жасқа толды, өзінің ұзақ тарихында әмбебап қоры 500 мың данадан асатын кітаптың шынайы қазынасына айналды. Кітапханалық экскурсия кезінде алған білімдерін оқушылар тарих және әдебиет сабақтарында қолдана алады.