Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2021 жылдың 11 ақпанында Павлодар қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен 20 лицей- мектебі бірлесіп «Жаратылыстану-математикалық пәндер сабағында дарынды оқушыларды оқытудың сараланған тәсілін ұйымдастырудың тиімді әдістері» атты бірлескен онлай
13-02-2021 12:25
2021 жылдың 11 ақпанында Павлодар қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен 20 лицей- мектебі бірлесіп «Жаратылыстану-математикалық пәндер сабағында дарынды оқушыларды оқытудың сараланған тәсілін ұйымдастырудың тиімді әдістері» атты бірлескен онлай

  2021 жылдың 11 ақпанында Павлодар қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен 20 лицей-мектебі бірлесіп «Жаратылыстану-математикалық пәндер сабағында дарынды оқушыларды оқытудың сараланған тәсілін ұйымдастырудың тиімді әдістері» атты бірлескен онлайн-семинар өткізді. Семинар жұмысы семинар спикері, білім бөлімінің әдіскері Сабитова Назира Сейделеновнаның басшылығымен өтті. 20 лицей-мектебі басшысының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Жадыра Борангазиновна Шарденова орта мектеп оқушылары үшін бейіндік оқытудың тиімділігі, лицейдің педагогикалық құрамы алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру және болашақтың келешегі туралы айтты. Лицей- мектебінің мұғалімдері: физика пәнінің мұғалімі Тогжан Султановна Муликбаева, химия пәнінің мұғалімі Гүлнара Казизолловна Норпеисова дарынды балалармен физика сабағындағы қиын есептерді  шешуде жұмыс істеу тәжірибесімен және химия сабағында сараланған тәсілді ұйымдастыру әдістерімен бөлісті. Лицей мұғалімдері семинар барысында ұсынған практикалық әдістемелер мен ұсыныстар қатысушыларды қызықтырды. Семинар белсенді диалог түрінде өтті.