Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
20 лицей-мектебінде «Кәсіпкер сағаты» өтті
19-02-2021 10:34
20 лицей-мектебінде  «Кәсіпкер сағаты» өтті
   Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 10 сыныптарға  енгізілді, 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныптарына пән енгізіледі.
  Пән жақында 20 лицей-мектебінде оқытыла басталды және бизнес, экономика, менеджмент, маркетинг негіздері туралы негізгі білімді алуға, кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға және одан әрі кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталған.
   2021 жылы 19 ақпанда «Кәсіпкер сағаты» қалалық іс-шарасы онлайн режимінде өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы - Павлодар қаласының білім бөлімі.
 Облыстың табысты кәсіпкерімен кездесу лицей оқушыларының қызығушылығын тудырды. Қонақ ретінде келген «Ametist_kz» жеке кәсіпорнының басшысы Жүнісова Е.С. мектеп оқушыларымен жеке кәсіпкерлікті жүргізу негіздерімен бөлісті, бизнестің қалыптасуы мен жеке тәжірибесі туралы әңгімеледі.
  Табысты іскер әйел дәстүрлі қазақ ұлттық нақыштағы бұйымдар шығарумен айналысады. Оқушылардың назарына қолөнер бұйымдары ұсынылды: қоржындар,бесіктер, қамшылар.
  Онлайн-кездесу  белсенді диалог түрінде өтті: оқушылар  өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды және жауаптар ғана емес, сонымен қатар қонақтың пайдалы кеңестерін алды.
  Іс-шараны спикер, 20 лицей -мектебі басшысының орынбасары Ж.М. Джакупов өткізді.