Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҰТБ жаңа форматы
18-03-2021 13:40
ҰТБ жаңа форматы
  2021 жылдың 15 наурызынан 10 сәуіріне дейін қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, бірінші рет ҰБТ электронды форматта өткізіледі.
   Ағымдағы жылы 11 сынып түлектерінің саны 4477 адамды құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 705 адамға артық (2020 жыл-3772). ҰБТ тапсыруды 3266 (73%) түлек жоспарлап отыр. Бүгінгі күні ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген түлектердің 208-і қатысты (Павлодар қ. - 149, Екібастұз қ.-46, Ақсу қ.-13).
  Тестілеу «Бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша өтуде. Яғни тестіленуші жеке компьютердің алдында отырып, академиялық әділдік үшін әр оқушының үстінен тестілеу процесін жазатын бейнебақылау камерасы орнатылған. Егер тестіленушіде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, онда компьютер сөндіріліп, тестіленушінің жұмысы жойылады. Жазба алты ай бойы сақталады және бейне жазба ұлттық тестілеу орталығымен қайта тексеріледі. Егер бейне материалдар талдау барысында тыйым салынған заттар пайдалану немесе өзге де бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұл да нәтижелердің жойылуына әкеліп соғады. Егер сол уақытта грант тағайындалса, онда түлек гранттан айырылады.
  Ақылы тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2021 жылдың 5 наурызынан онлайн режимінде app.testcenter.kz сілтемесі бойынша басталды. Қосымшаға тіркелудің нұсқаулығымен осы сілтемеде танысуға болады.
  Балаларды тестілеуге кіргізу 1 ағым - сағат 8.00-ден 9.00-ге дейін. Тестілеудің басталуы сағат 9.00-де. 2 ағымға кіргізу - сағат 13.30-дан 14.30-ға дейін. Тестілеудің басталуы сағат 14.30-да. Бірінші сағаттан кейін үш минуттық үзіліс, екінші сағаттан кейін-15 минут, үшінші сағаттан кейін -3 минут.
   Тапсырмаларды орындауға 4 сағат уақыт беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғарғы балл - 140 балл.
   15 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтетін ҰБТ нәтижелері бойынша тестіленушілердің ЖОО-на ақылы оқуға түсу мүмкіндігі болады.
   Мемлекеттік білім беру гранттарды тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға және ЖОО-ға ақылы оқуға түсуге өтініштерді қабылдау 2021 жылдың 26 наурыздан 10 маусымға дейін онлайн режимінде app.testcenter.kz сілтемесі бойынша басталады. Түлектер тест тапсыру үшін екі күнді таңдайды. Тестілеу 11 сәуірден 30 маусымға дейін жалғасады.
    Түлектер тестілеуді екі рет тапсырады және ең үздік нәтижені таңдауға мүмкіндігі болып, ЖОО-на грант алу үшін конкурсқа жібере алады.
    Тестілеу «U-Future» ЖШС тестілеу орталығы базасында өткізіледі. 3 ҰБТ өткізу пункті белгіленген (Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 99, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 54 А, Ақсу қаласы, Әуезов көшесі, 6).
   Барлық пункттер ұялы байланыс сигналдарын тұншықтырғыш құралдары, қол және рамалы металліздегіш құралдармен жабдықталған. ҰБТ өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудиторияларда онлайн-трансляция мүмкіндігімен тестілеудің барысын жазып алатын бейнетіркеулер орнатылды.
  Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар күшейтілді: адамдардың көп жиналуын болдырмау, тепловизор арқылы тексеру, дезинфекциялық тоннель арқылы кіру, маскалардың болуы және т.б. ҰБТ өткізу пункттері тестілеу кезінде, сондай-ақ ҰБТ өткізу кезінде тестіленушілер арасында кемінде 1 метр қашықтықты қамтамасыз ету үшін баррикадалық ленталармен қоршалады. Сондай-ақ кіреберісте пайдаланылған маскаларға арналған урналар орнатылады. Барлық қолданылған маскалар жойылады.