XVI республикалық қашықтық "Тарих ата"олимпиадасының қорытындысы 5-9 сынып оқушылары арасында
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын және алған білімдерін пайдалану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында 2006 жылдан бастап 5-9 сынып оқушылары арасында "Тарих ата" республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді. Биылғы оқу жылында олимпиада 2021 жылдың 17 наурызында өтті.
Бұл олимпиадаға № 20 лицей - мектебінің 9 сынып оқушылары - 22 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша №20 лицей – мектебінің барлық 22 қатысушысы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанып атаулы дипломдармен марапатталды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, одан әрі биіктерге жетуді тілейміз!
XVI республикалық қашықтық "Тарих ата"олимпиадасының қорытындысы 5-9 сынып оқушылары арасында