«Мектептік бизнес-стартап»
2021 жылы 5 мамырда 8-11 сынып оқушылары арасында «Мектептік бизнес-стартап» кәсіпкерлік жобалар конкурсының облыстық кезеңі онлайн режимінде өтті.
Конкурс ұйымдастырушысы РУМЦ ДО "Ертіс Дарыны".
Конкурстың мақсаты - «белсенді қатысу» қағидатын жүзеге асыру, қоғам өміріне мазмұнды және белсенді ену, кәсіпкерлікті ерте дамыту арқылы мектеп оқушыларын әлеуметтендіру
Конкурсқа 20 лицей-мектебінің оқушылары Сембаева Аружан, Уалитова Диана, Уразалимова Сана қатысты , олар «Ұлттық құрт өндіру» бизнес-жобасын ұсынды.
Жоба тұжырымдамасы ұлттық ашытылған сүт өнімдері құрт өндіретін цех ашуды көздейді.
Оқушылар өз жұмыстарында кірістердің, шығындардың, мүмкін болатын тәуекелдердің есептеулерін және бизнес-жобаны әзірлеу мен жылжытуға арналған маркетингтік бағдарламаны ұсынды, оның ең маңызды міндеті - сұранысты арттыру және нарықты қышқыл-сүт өнімімен қамтамасыз ету .
Оқушыларды жобаны сәтті қорғаумен және ІІІ орынмен құттықтаймыз!