20 лицей мектебінде 10 сыныптарда "Жеке гигиена" тақырыбында сабақ өтті.
2021 жылдың 22 мамырында онлайн форматта 20 лицей-мектебінің 10-сыныптарында Алматы қаласының "JANYM" қоғамдық бірлестігінің "Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету" жобасы аясында "Жеке гигиена" тақырыбында сабақ өтті.
Іс-шараға "JANYM" ҚБ сарапшысы Галина Александровна Гребенникова - акушер-гинеколог дәрігер, жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі сарапшы, КМПА атқарушы директоры, контрацепция жөніндегі Еуропалық қоғамның басқарма мүшесі қатысты.
Спикер оқушыларға:
✔️жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы;
✔️жасөспірімдер гигиенасының ережелері туралы баяндады.
Онлайн сабақ Алматы қаласы "JANYM" ҚБ 20 лицей-мектебінің білім алушылардың салауатты өмір салты мәселелері бойынша ынтымақтастығы аясында өткізілді.