Соңғы қоңырау 9,11 сынып түлектеріне арналған №20 лицей-мектебінде соғылды.
Соңғы қоңырау мерекесі-бұл маңызды оқиға: балалар үлкен өмірге кетіп, лицей, оның дәстүрлері, мұғалімдері мен сыныптастары туралы естеліктерін жүректерінде қалдырады. Бұл күні лицей 98 түлекті үлкен өмірге шығарып салды.
Іс-шараға құрметті қонақтар, педагогикалық еңбек ардагерлері, оқушылардың ата-аналары қатысты.
Мектеп-лицей басшысы Г.Т. Топанова жоғары сынып оқушыларының, педагогтардың, жиналған қонақтардың атына құттықтау сөз сөйледі, оқуда ерекше көзге түскен оқушыларды мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Іс-шараның құрметті қонағы, Еуразия Инновациялық университетінің ректоры А.В. Алиясова түлектерге ҰБТ-да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және одан әрі өмір жолын дұрыс таңдауға тілек білдірді.
ИнЕУ "Әлеуметтік-гуманитарлық білім және Қазақстан халықтары Ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі Қайырбекова Б.Д. қазіргі заманда жастардың білім алуының маңыздылығын атап өтіп, лицейістерге әрқашан алға қойған мақсаттарына қол жеткізулеріне тілектестік білдірді.
Бүгін жоғары сынып оқушылары лицей ұстаздарына, ата-аналарға деген алғыс, махаббат және құрмет сөздері айтылды. Мереке түлектердің дәстүрлі вальсімен аяқталды.