Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
20 лицей-мектебінде еске алу сабағы өтті. Жазғы мектеп оқушылары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу қалалық мемориалына барды.
01-06-2021 15:17

   Тарих мұғалімдері Шарденова Ж.Б., Зотова К. А. оқушыларға ұлы ашаршылық кезіндегі қайғылы оқиғалар, 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары, халықтардың Қазақстанға жер аударылуы туралы айтып берді.
   Лицей оқушылары тоталитарлық режим құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.
  ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатымен бірлесіп ұйымдастырылған Павлодар мемлекеттік мұрағатының көрмесіне барып, балалар бірегей мұрағаттық құжаттармен, фотосуреттермен және қуғын-сүргінге ұшырағандардың жеке істерімен танысты, олардың өмірінен қызықты фактілерді білді.
   Еске алу сабағы барысында алынған мәліметтерді оқушылар тарих сабақтарында қолдана алады. 
     Мұндай сабақтар оқушылардың бойында патриоттық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырады.