Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Домбыра - қазақ халқының жаны".
12-06-2021 00:10

     Домбыра-ұлттық брэнд, қазақтың музыкалық мәдениетінің визиттік карточкасы.
   Ежелгі заманнан бері домбыра қазақтарды қуанышта да, қайғыда да ертіп жүрді, әуендер арқылы халықтың тарихын, оның дәстүрлері мен мызғымас құндылықтарын айтып берді. Ал осы аспапта ойнау өнері мен күйлері отбасылық жәдігер секілді әкеден ұлға ұқыпты беріліп отырды.
   "Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында "Жас толқын" бейіндік жасағында қазақ халқының мәдениетін насихаттау мақсатында Ұлттық домбыра күніне арналған "Домбыра - қазақ халқының жаны" атты іс-шара өткізілді.
    Домбыраның пайда болуы туралы аңызды кітапханашы Н.А. Тебенькова балаларға айтып берді.
  10 Б сынып оқушысы Бегембет Тамерлан домбырада қазақ композиторлары Құрманғазы Сағырбайұлының, Нұрғиса Тілендиевтің, Әбділмомына Желдібаевтың туындыларын асқан шеберлікпен орындады.