Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Жас толқын" және "Полиглот" отрядтарының балалары әскери даңқ мұражайына барды.
16-06-2021 00:48

 Балдәурен бейіндік лагерінің жұмыс жоспарына сәйкес "Жас толқын" және "Полиглот" отрядтарының балалары әскери даңқ мұражайына барды.
 Іс-шараның мақсаты-патриоттық сезімді тәрбиелеу, сарбаздардың ерлігі мен батырлығына табыну, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру және ұрыс даласында қаза тапқандарды еске алу.
  Соғысты сарбаздардың көзімен көруге, оны сезінуге, оған жақын қашықтыққа баруға мұражайдың шынайы экспонаттары мүмкіндік береді: қару-жарақ, фотосуреттер, ордендер мен медальдар, ҰОС батырлары мен қатысушыларының жеке құжаттары мен хаттары.
  Әсіресе, балаларды әскери техника, вагон-теплушка, окоптар, блиндаж, сарбаздар бейнеленген экспозициялар және , әрине, аты аңызға айналған Т-34 танкі қызықтырды.
  Әскери Даңқ мұражайына бару-бұл ел тарихына деген қызығушылық қана емес, сонымен бірге қайтыс болғандарды еске алу.