Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«2021-2022 оқу жылына педагогикалық ұжымның жетістіктері мен мәселелері, мақсаттары мен міндеттері, ресурстары мен қызметінің бағыттары» атты тамыз педагогикалық кеңесі
31-08-2021 16:12
«2021-2022 оқу жылына педагогикалық ұжымның жетістіктері мен мәселелері, мақсаттары мен міндеттері, ресурстары мен қызметінің бағыттары» атты тамыз педагогикалық кеңесі
  2021 жылдың 31 тамызында «Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі» КММ-де онлайн-форматта «2021-2022 оқу жылына педагогикалық ұжымның жетістіктері мен мәселелері, мақсаттары мен міндеттері, ресурстары мен қызметінің бағыттары» атты тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
 Педагогикалық кеңес жұмысына Инновациялық Еуразия университетінің "Әлеуметтік-гуманитарлық білім" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы Б. Д. Каирбекова қатысып, заманауи мектептің кәсіби педагогының функционалдық-жүйелік ойлау құралдары туралы айтты.
   Педагогикалық кеңес барысында келесі негізгі сұрақтар талқыланды:
✔2020-2021 оқу жылындағы педагогикалық ұжымның білім беру қызметін талдау және бағалау;
✔2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша лицей-мектебінің тәрбие жұмысын талдау;
✔лицей-мектебінің оқу-тәрбие үрдісін дамытудың стратегиялық бағыттарын анықтау;
✔«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процессін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хатын талқылау;
✔2021-2022 оқу жылына арналған лицей-мектебінің оқу жұмыс жоспарын бекіту.
  Педагогикалық кеңес білім беру қызметінде жоғары көрсеткіштермен ерекшеленген мұғалімдерді марапаттау рәсімімен аяқталды.