Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2021 жылдың 4 қарашасында №20 мектеп-лицейінде ұлттық спорттың «Асық ату» түрінен мектепішілік жарыс өтті.
04-11-2021 12:47
2021 жылдың 4 қарашасында №20 мектеп-лицейінде ұлттық спорттың «Асық ату» түрінен мектепішілік жарыс өтті.
   «Асық ату» ежелден қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі болып саналған. Ойын шыдамдылықты, мергендікті, қолдың ұсақ моторикасын дамытады, ұқыптылыққа, икемділікке, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелейді.
   2021 жылдың 4 қарашасында №20 мектеп-лицейінде ұлттық спорттың «Асық ату» түрінен мектепішілік жарыс өтті. Сайысқа 10,11 сынып оқушылары белсене қатысты.
   Жарыстың мақсаты – жастар арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау.
   Байқау қорытындысы бойынша көзге түскен оқушылар дипломдармен марапатталды:
   1 дәрежелі - Тамерлан Бегембет,
   2 дәрежелі - Ұлпан Қайрулла,
   3 дәрежелі - Дариға Бралинова.
   Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындыру жолында сәттілік тілейміз!