Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар! Павлодар облысында қолайсыз ауа райы жағдайында оқушыларды сабақтан босату үшін жаңа температуралық параметрлер бекітілді!
19-11-2021 19:08
Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар! Павлодар облысында қолайсыз ауа райы жағдайында оқушыларды сабақтан босату үшін жаңа температуралық параметрлер бекітілді!
   Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!
   Павлодар облысында қолайсыз ауа райы жағдайында оқушыларды сабақтан босату үшін жаңа температуралық параметрлер бекітілді!
    Облыс мектептерінде штаттық режимдегі сабақтар тоқтатылып, қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады:
- минус 25 градус және одан төмен температурада, 2 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел болған кезде — 0-4 сынып оқушылары үшін;
- минус 30 градус және одан төмен температурада, 2 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел болған кезде — 0-9 сынып;
- минус 33 градус және одан төмен температурада, 2 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел болған кезде — 0-11 сынып оқушылары үшін, колледждердің 1 курс оқушылары үшін сабақ болмайды;

- егер жел секундына 5 метрден асса, минус 25 градус температурада — 0-4 сынып оқушылары үшін;
- минус 29 градус температурада – 0-9 сынып оқушылары үшін;
- 30 градустан төмен температурада - 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1 курс оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.

- 20 м/с жел кезінде – 0-4 сыныптарда;
- 25 м / с жел кезінде – 0-11 сыныптарда сабақ тоқтатылады.

    Білім беру мекемелеріндегі оқушыларды сабақтан босату немесе онлайн-режимде ұйымдастыру көрсетілген нормативтерге сәйкес «Қысқы кезеңде қаланың, ауданның және ауылдық аймақтың білім беру ұйымдарындағы сабақтардың температуралық режимі туралы»қалалар мен аудандардың білім бөлімі басшыларының бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.
   Сабақтарды тоқтату туралы ақпарат қалалық және аудандық білім бөлімдерінің ақпараттық ресурстарында жарияланады. Ақпаратты сынып жетекшілерінен де білуге болады.
   Ауа райына байланысты сабақтан босатылған жағдайда да мектепке келген балалардың оқуы кестеге сәйкес өткізіледі!