Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақтың көрнекті композиторы және орындаушысы Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай "Ұлы дала әуені" байқауының жүлдегері
20-12-2021 20:44
Қазақтың көрнекті композиторы және орындаушысы Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай
   15 желтоқсанда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында қазақтың көрнекті композиторы және орындаушысы Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай "Ұлы дала әуені" байқауы өткізілді.
   Байқаудың мақсаты білім алушылардың қазақ халқының мәдениетіне, Дина Нұрпейісованың шығармашылығына қызығушылығын қалыптастыру, ұлттық аспаптық өнерге баулу болып табылады.
    Байқау қорытындысы бойынша 10 А сынып оқушысы Қайролла Елнұр домбырада "Науаи" күйін орындап, 2 дәрежелі диплом иегері атанды.
   Елнұрды құттықтаймыз, жаңа шығармашылық шыңдар тілейміз!