Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
18.01.2022 жылының №20 мектеп-лицейінде онлайн форматта ата-аналар жиналысы өтті.
19-01-2022 13:23
18.01.2022 жылының №20 мектеп-лицейінде онлайн форматта ата-аналар жиналысы өтті.
   18.01.2022 жылының №20 мектеп-лицейінде онлайн форматта ата-аналар жиналысы өтті.
    Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. "Оқытуды ерте бейіндеу құзыретті тұлғаның табысты қалыптасуының, білім алушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауының шарты ретінде".
2. 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы.
3. "Білім алушылардың қауіпсіздігін, өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету".
4. Алдын алу шаралары туралы: "Омикрон"штаммы туралы не біліуіз керек?
    Ата-аналар жиналысына Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдары қатысты:
PhD докторы, "Электр энергетикасы" кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қалтаев Абдулла Габдылманапулы,
техника ғылымдарының кандидаты, "Сәулет және дизайн" кафедрасының профессоры Абишева Сауле Ивановна, техника ғылымдарының кандидаты, "Өнеркәсіптік азаматтық және көлік құрылысы" кафедрасының профессоры Сақанов Қуандық Темірұлы.
  Ғалымдар оқушылардың ата-аналарына болашақ мамандықты таңдауда оқушылардың ерте бейіндеу рөлі туралы айтып берді. Университет, оның кафедралары, мамандықтары және оқуға түсу ережелері туралы толық мәліметтер ұсынылды.
   Сынып жетекшілері I жартыжылдықтың қорытындысын шығарды, III тоқсанда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы айтып берді, ата-аналарға үйде және көшеде балалардың қауіпсіздігі, қоғамдық орындардағы мінез-құлық, шектеу карантиндік шараларын сақтау үшін олардың жауапкершілігі туралы еске салды.