Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ertys tany»телеарнасының бүгінгі тікелей эфирінің қонақтарының бірі - «Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі»КММ оқушысы Қайролла Елнұр.
24-01-2022 08:03
«Ertys tany»телеарнасының бүгінгі тікелей эфирінің қонақтарының бірі - «Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі»КММ оқушысы Қайролла Елнұр.
   «Ertys tany»телеарнасының бүгінгі тікелей эфирінің қонақтарының бірі - «Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі»КММ оқушысы Қайролла Елнұр, қазақтың көрнекті композиторы және орындаушысы Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «Ұлы дала әуені» атты облыстық байқауының жүлдегері.
   Кездесудің мақсаты - білім алушылардың қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылығын қалыптастыру, ұлттық аспаптық өнерге баулу.
   Елнұр өзінің домбырада ойнаумен, сүйікті күйлерімен әуестенетіні туралы айтты:«Көшпенділерде тұрмыста және мерекелерде ғасырлар бойы бірге алып жүретін домбыра, ой мен күйзелісті білдіруге көмектесті. Оның музыкасы халықтың жан дүниесін ашты. Мен домбыраны ерте жастан жақсы көрдім. Менің сүйікті күйлерімнің бірі - «Ерке-сылқым»,«Науаи»,«Адай». Қызықты деректермен бөлісті: «2010 жылы Қытайда 10450 домбырашы «Кеңес» күйін орындағаннан кейін домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Қазіргі таңда мен заманауи домбырашылар Асылбек Еңсепов пен Жандарбек Бұлғақовтың шығармашылығына қызығамын».
    Эфирдегі кездесу «Ерке-сылқым» күйін орындаумен аяқталды.