Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Әскери-далалық оқуға № 20 лицей-мектебінің 10 сыныбынан 9 жас жігіттер аттанды.
16-05-2022 15:55
Әскери-далалық оқуға № 20 лицей-мектебінің 10 сыныбынан 9 жас жігіттер аттанды.
   Павлодар қаласында мектеп оқушыларының алғашқы әскери-техникалық даярлығы пәнін зерделеудің практикалық бөлігін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30-жылдығына және балалар жылына орайластырылған әскери-далалық оқу-жаттығулар ұйымдастырылды.
   Іс-шараның мақсаты – әскери-патриоттық тәрбие, дағдыларды дамыту жаттығу, атыс, тактикалық дайындық, әскерге шақыру жасындағы жас жігіттердің әскер өмірімен және тәртібімен таныстыру.
   Әскери-далалық оқуға № 20 лицей-мектебінің 10 сыныбынан 9 жас жігіттер аттанды. Жігіттер АӘТД мұғаліміМ.С.Аубакировпен болашақ Отан қорғаушылардың шеберлігін шыңдай отырып, осы шараға уақытынан бұрын дайындалды. Жіберу алдындағы ең қызықты сәт жігіттерге сыныптастары атынан ізгі тілектер жазылған үшбұрышты хаттар мен тәттіге толы пакеттер ұсынылды.
   10-сынып ұлдарына әскери-далалық дайындықты жақсы тапсырып, дене шынықтыру және жауынгерлік дайындықтарын жақсы көрсетулеріне тілектеспіз!