«Мәселелер, ізденістер, шешімдер»- былайша біздің лицейімізде жыл сайын өтетін мектепішілік ғылыми-тәжірибиелік конференция аталады. Мына жылы жетінші конференция ұйымдастрылып өткізілді, яғни бұл дәстүге айналып кеткендігі туралы айтуға болады. Конференция жұмысы бес секцияда өтті: 1 секция - тіл білімнің көкейсті сұрақтары (қазақ тілі), 2 секция - тіл білімінің көкейкесті сұрақтары (орыс тілі, шет тілі), 3 секция - математика, информатика, физика, 4 секция - психология және педагогиканың көкейкесті сұрақтары, 5 секция - адамның денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау. ИнЕу-дің ұстаздары мен лицей-мектебінің мұғалімдерінен құрастырылған сараптама комиссияның алдына 35 баяндама түсті. Баяндамалар негізінде теориялық және эксперименталдық түрде жазылған. Лицей оқушыларын түрлі мәселелер қызықтырады: экология сұрақтары, Қазақстан тарихының қаһармандық беттері,жасөспірімдерінің психологиясы және т.б. 19 баяндама ең жақсы деп аталды да, келешекте оқушылардың қалалық ғылыми сайыстарына қатысу үшін ұсынылды.