Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әлихан Бөкейхан атындағы лицей -мектебінде «Балдәурен» бейінді лагерінің жұмыс барысында, балалардың спорттық ойындар бойынша адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін дамыту мақсатында « Қыран» тобы мен « Қолөнер» аралығында «Көңілді старт» спортты
21-06-2023 21:45
Әлихан Бөкейхан атындағы  лицей -мектебінде «Балдәурен» бейінді лагерінің жұмыс барысында,    балалардың спорттық ойындар бойынша адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін  дамыту мақсатында « Қыран» тобы мен « Қолөнер» аралығында «Көңілді старт»  спортты
Әлихан Бөкейхан атындағы  лицей -мектебінде «Балдәурен» бейінді лагерінің жұмыс барысында,    балалардың спорттық ойындар бойынша адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін  дамыту мақсатында « Қыран» тобы мен « Қолөнер» аралығында «Көңілді старт»  спорттық эстафеталық өткізілді.
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
-деп сергіту сәттен басталды. Балалар флешмоб биледі.
 Топтар әдемі эмблемаларын ұсынып өздерін  өлеңмен  таныстыра білді.
Жалын» тобы
Топтың ұраны: Жалындаймыз, жанамыз,
Біз спортшы боламыз!
«Шымыр» тобы
Топтың ұраны: Біз шымыр, сергек денеміз,
Спорт сүйер өренбіз!
 
1.«Мәреге кім бұрын?»   Секіртпемен секірді
2. «Кім жылдам» . Доппен кедергілерден өтті.
3. «Тепе-теңдікті сақтау» сайысы. Қалың кітапты басымызға қойып тікемізден тік жүріп,белгіленген жалаушаға дейін барып келеміз. Келесі ойыншыға қол беру арқылы ойынды жалғастырамыз.
4.   «Мен шебермін» сайысы  Шеңбер айналдырды. 
5. «Капитандар сайысы». 2 команданың капитандары ортаға аяқтарына шар байлап шығады, қарсыластың аяғындағы шарын жаруға тырысты.
6.  «Қызық ойын»  сайысы.«Фанта, кетчуп, кока-кола» ойыны өте қызықты өтті.
Осымен салауатты өмір салтын сақтау бағытына арналған эстафетада  «Жалын» тобы  15 ұпаймен жеңіске жетті.  Екі топқа да тәтті сыйлықтар таратылды.