2011 жылдың 1 желтоқсан күні №20 лицей-мектебінде барлық әлем қарсы алатын ЖҚТБ-мен күресу күніне арналған шаралар өткізілді. 10 М, 10 Қ сыныптан Құдайбергенова Нұрия, Жаныгулова Зарина, Жомарт Кәусар баяндамашылары «АҚТҚ/ЖҚТБ- бұл әркімге қатысты» тақырыбында бесминуттіктерді өткізді. 8-11 сынып оқушылары АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері бойынша ақпараттық бұрыштарды әзірледі. ЖҚТБ-мен күресу күнін аяқтауына орай жоғарғы сынып оқушылары «АҚТҚ/ЖҚТБ- бүкіл әлемдік мәселе» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты, онда түрлі ғылымдар мен мандық жақтарынан- медицина, психология,статистика, журналистика, тарих, педагогика, социология ЖҚТБ мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар дөңгелек үстел отырысына жасөспірімдер үшін есіртке бөлімінің психологы А.А.Небельцова қатысты.