Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Әдебиет әлемінде» атты сыныптан тыс шара
07-12-2011 10:31
«Әдебиет әлемінде» атты сыныптан тыс шара

 

2011 жылғы 6 желтоқсан күні «Қанатты қалам» үйірмесінің қатысушылары «Әдебиет әлемінде» атты сыныптан тыс шараны ұйымдастырды.Шараның мақсаты: әдебиетке деген оқушының сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру; өнерді бағалай білу, ақын-жазушылар шығармаларын терең түсіне білуге, ұйымшылдыққа, өнерге, білімпаздыққа баулу, жас ақындарға жол ашу...10 «қ» сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, белсене қатысты. Құрманов Абай «Көзімнің қарасы» атты Абайдың әңін гитара әуеніне салып орындады. Қайырбаев Райымбек Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын мәнерлеп оқып берді. Жәнеде үйірменің жас ақындары (Смаилова Алтын, Шайғазы Ұлжан, Қазақбай Асқар, Искакова Гүлзия) өздерінің «Ақындарша жырлаймын...» атты өлеңдер жинағының тұсаукесерін өткізді (жинақты сайттан көруге болады).  Кешіміз «Алтын қалам» баспасынан шыққан жаңа кітаптар көрмесін тамашалаумен аяқталды.