Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Менің елім, Тәуелсіз Қазақстан » атты салтанатты мерекелік концерт
15-12-2011 07:51
«Менің елім, Тәуелсіз Қазақстан » атты салтанатты мерекелік концерт

 

2011 жылдың 14 желтоқсаны күні Павлодар қаласының  №20 лицей-мектебінде Қазақстан республикасының 20- жылдығына аранлған «Менің елім, Тәуелсіз Қазақстан » атты салтанатты мерекелік концерт өтті. 

           Жиынның мақсаты : оқушыларға бұл Тәуелсіздіктің  сонау 1986 жылы құрбан болған жастарымыздың  ерліктері арқасында келгенін түсіндіріп, болашақ ұрпақ осы Тәуелсіздікті сақтап, еліміздің дамуына  өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.

          Мерекелік шараға ата-аналар, ИнЕУ тестілеу орталығының өкілдері т.б қатысты.

          Концерт үш жүздің басын біріктірген Абылай ханның данышпандылығын көрсеткен  қойылым арқылы басталып, бүгінгі күні 20 –жылдығын атап жатқан Тәуелсіз Қазақстанды осы төл мерекесімен құттықтауға келген ТМД елдерінің музыкалық шашуларымен  жалғасты. Оқушылармен бірге Лицей ұстаздарының  ортаға шығып «Атамекен» әнін орындағанда бүкіл залдағы көрермендердің  орындарынан тұрып қол шапалақтаулары жүректі ерекше жылу бергендей болды.

         Концерт соңында шараның діңгегі болған Қазақстан республикасы (ол той иелері - 11 қазақ сыныбы) «Жаса, Қазастан » әнімен шығып, транспоранттармен шарлар, жалаулар ұстаған жаңағы әр ұлт өкілдерінің сахнаға келіп қосылуымен аяқталды.