"ҰБТ-ге дайындық: мәселе, ізденіс, шешім" тақырыбында педагогикалық кеңес.
№20 лицей-мектебінде жоспардан тыс "ҰБТ-ге дайындық: мәселе, ізденіс, шешім" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. ҰБТ-ді тапсырудағы сәттілік неге тәуелді, оң нәтижеге жету үшін жұмысты тиміді ұйымдастыру жолдары- деген сұрағтарға мектеп мұғалімдері өз пікірлерін білдіріп, жауап беруге тырысты. ҰБТ-ді табысты тапрсыру үшін оқушыларға жағдай жасау-педагогикалық ұжымның негізгі мәселесі. Сәттілік, біріншіден мұғалімге тәуелді, мұғалімнің шеберлігінде жатыр,оқушыларда оң мотивацияның қалыптастыруда мұғалімнің орны ерекше. Сонымен қатар ҰБТ-ді нәтижелі тапсыру- бұл оқушының сәттілікке талпынысы екені мәлім.