Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ер есімі – ел есінде
04-05-2012 11:18
Ер есімі – ел есінде

 

3-мамыр күні Ұлы Отан соғысының  67- жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде»- атты соғыс ардагерлерімен С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада кездесу өткізілді.

№20-лицей – мектебінің 8а,9а –сынып оқушылары ұстаздары Сүлейменова Сұлушаш Қабиденқызымен

бірге осы шараға қатысты.

 «Соғыс балалары», қазіргі  ардагер аталарымыз Баяндин Қабдөш ,Қоңыров Төлеубек, Нұрлыбек Жанболатов  және жергілікті әскери бөлімнің жауынгерлері Оңғарбаев Қайрат,Әбдірәсіл Әлішермен

 бірге  дөңгелек үстел басында сұхбаттасты.

    Ұлы Отан соғысы.... Ол біздің ақ шашты аталарымыз бен әкелеріміз ерлікпен қаһармандыққа толы биік рухын күллі әлемге танытқан қайталанбас белгісі болса,9- мамыр – жеңіс күні аға ұрпақтың

сол жанқиярлық ісін ел  жадында мәңгіге сақтауға арналған ең  қастерлі мереке.

  Аталарымыз сұм соғыстың қыршын жастарына да оңай соқпағанын айтып, көздеріне жас алды. Оқушылар ардагерлерге арнап-ән  айтып, өлең жолдарынан үзінді оқып , құрметті қонақтарға сый- құрмет

көрсетіп,гүл шоқтарын табыс етті.

  67-жыл толыпты Ұлы  күнге,

 Оңайлықпен келген жоқ осы күнге.

 Мың тағзым жанын берген батырларға,

Жеткізген мына бізді осы күнге.

 Жеңіс деген – жақсылықтың құралы,

Күрестердің арманы мен ұраны,

 Қуаныш пен мерекенің бұлағы,-дей келе құрметті меймандарымыз, соғыс ардагерлерінің алдында

бас иеміз.

  Патриоттық туралы, кейінгі жастардың Отан үшін от кешкен ағалар ерлігінен үлгі алуы турасында аз

толғанып  жүрген жоқпыз.Сонау отты жылдардың тірі куәгерлері ортамызда.....

  Құрметті ардагер Ата- әжелеріміз!

 Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Баршаңызға мықты денсаулық,бақыт, игілік тілейміз.

Егемен елдің ертеңін еңселетіп, көк туымызды желбіретейік, ағайын !