Білім күнін қарсы аламыз!
1 қыркүйекте № 20 лицей-мектебінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Құттықтау сөзімен лицейіміздің директоры Г.Т.Топанова сөз сөйледі. Бұл шарада шақырылған қонақтар және оқушылардың ата-аналары қатысты. Осы күні лицеистер ерекше сәнді көрінді: ақ бантик, гүл шоқтары, әр түрлі шарлар, ерекше көңіл күйде болды.