Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ағылшын пәні бойынша Тілдер мерекесіне арналған дөңгелек үстел.
25-09-2012 07:26
Ағылшын пәні бойынша Тілдер мерекесіне арналған  дөңгелек үстел.

 

24 қыркүйек күні Инновациялық Евразия университетінің «Ағылшын филологиясы және аударма» кафедрасымен бірігіп тілдер апталығына арналған ағылшын тілі бойынша  дөңгелек үстел өткізілді.

   Мерекелік іс-шараны кафедра оқытушысы Фанапова Любовь Вячеславовна өткізді.Ойынға шет тілінің бірінші курс студенттері мен лицей оқушылары төрт команда болып қатысты. Оларға көркем әдеби мәтінді аудару бойынша тапсырмалар берілді, қызықты сөздік ойындар және соңында әртүрлі викториналық сұрақтар болды. Оқушылардың білімдерін сапалы бағалау үшін барлық іс- әрекет ағылшын тілінде өтті. Лицей – мектебінің оқушылары өздерін тек жақсы жағынан көрсете білді, барлық жауаптарға сенімді түрде жауап беріпі, өздерін ақылды, сауатты және тәрбиелі балалар ретінде көрсете білді. Барлық тапсырманың жауаптарына ЖОО студенттерінен қалыспады, жауаптарымен бірдей болып отырды. Іс – шара негізінде  танымдық – ойындық түрде өтті. Аудиторияда жақсы көңіл – күй, қарсыластарымен тартыс аяғына дейін жалғасты.Барлық қатысушылар кеш туралы жақсы әсерде тарады. «Ағылшын филологиясы мен аудармасы» кафедрасының оқытушысы Фанапова Любовь Вячеславовнаға мерекелік іс-шараны ұйымдастырғаны үшін жеке зор ықыласымызды білдіреміз.