Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ж.Аймауытов театрына саяхат
20-09-2014 03:03
Ж.Аймауытов театрына саяхат

Қыркүйектің 19-шы жұлдызында мектебіміздің 10 К сыныпбы Жүсіпбек Аймауытов атындағы драма театрға барды. Биыл ақын-жазушы, драматург Жүсіпбек Аймауытовқа 125 жыл. Осыған орай, жазушыға арналған арнайы ескерткіш қойылды. Біздің сынып «Ар алдаспаны» қойылымының ең алғашқы қойылымына қатысты. Бұл КСРО кезіндегі ақын-жазушылардың ауыр өмірі, патша үкіметінің озбырлығы, ақ пен қызыл әскер ұғымының енгізілуі жайлы айтылған оқиға болды. Ең басты кейіпкер – Жүсіпбек Аймауытовтың жазықсыз «Халық жауы» атағына ілінуі, оның «Кенесары», «Абылай» туындылары жоғалуы туралы айтылған үздік пьесалардың бірі. Әсіресе, театрда тек жасы үлкендер ғана емес, жас оқушылар болғаны тебірентті.