Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сайыс мәні –салт-дәстүр сәні.
17-01-2013 13:33
Сайыс мәні –салт-дәстүр   сәні.

 

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты,саналы,білікті ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени –ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы

міндетіміз. Бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен сайыс мәнін,салт-дәстүрлерді

біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ал жастарды жан-жақты қабілетті

азамат етіп өсіруде халқымыздың салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық  рөлі

 орасан зор.

Өзге халықтар сияқты,қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейімділік, әдептілік, елім-жерім, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмысқа үнемі үйретіп, қанымен жанына сіңіріп келеді.

            Осы мақсатпен біздің лицейімізде де ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың Жақсы дәстүрлері мен тағлымдарын оқып-үйреніп, өнеге тұтуға жағдай туғызылған.

«Шаңырақ» үйірмесінде оқушылар әр қашан ұлтымыздың әдет- ғұрпынан,салт-дәстүрінен тәрбие алады.Лицей оқушылары қаламыздың қара шаңырағы Бұһар жырау атындағы мұражайда, С.Торайғыров атындағы кітапханада, сонымен қатар Инеу қабырғасындағы Ұлттық мұражайда болып, кездесулер, шаралар,сынып сағаттарын өткізіп тұрамыз.

Ұрпақ тәрбиесі- келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу болғандықтан,оқушылар өздерінің көріп- білгендері туралы ой бөлісіп,көптеген ақпарат алып еліміздің  рухани байлығы дәстүрлерден үлгі алуға тырысады