"Тіл-достықтың құралы" сайысы
№20 лицей-мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі О.Н.Подлесная өзін сынау, мемлекеттік тілді білу дәрежесін анықтау мақсатымен "Тіл-достықтың құралы" конкурсына қатысты. Ана, бала тақырыбындағы мақал-мәтелдер жарысы, жедел аударма, өз өнерін көрсету, прозалық шығарманы оқу, таныстыру сайыстарында өз шығармашылық қабілеттерін, білім деңгейін көрсете білді. Қалалық білім беру бөлімі атынан мадақтама қағазы және құнды сыйлықтарымен марапатталды.