21 ақпан күні №20 лицей мектебінің «Асыл қазына» және «Шаңырақ» үйірмесінің мүшелері облысымыздың көрнекті орны Майра Үйіне қонаққа барды. Мұражайдың меңгерушісі Рахимов Ерлан Олжайұлы оқушыларға облысымыздың атақты әнші қызы Майра Уәлиқызының өмірі туралы қызықты да, құнды мәліметтер берді және өткен ғасырдағы көне жәдігерлермен таныстырды.Оқушылар зор қызығушылықпен тыңдап, әр түрлі сұрақтар қойды. Ерлан Олжайұлы қазақ халқының әр түрлі музыкалық аспаптарымен таныстырып, шаңқобыз және сазсырнайда нақышына келтіре ойнап, ұлттық өнеріміздің бір белгісін көрсете білді. Мұражайда болған оқушылар өздеріне рухани және эстетикалық ләззат алып, мұражай қызметкерлеріне зор ризашылықтарын білдірді. Өткізілген осындай іс – шаралар оқушыларды білімділікке, рухани байлық алуға баулиды деп ойлаймын.