Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Математикалық сайыс»
25-02-2013 05:50
«Математикалық сайыс»

 

Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыруда, шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын рөлі өте зор. 23 ақпанда №20 лицей-мектебінде жаратылыстану пәндер апталығында 8-9 сыныптар арасында «Математикалық сайыс» атты танымдық ойыны өткізілді. Ойын сегіз турдан тұрған. Бірінші турда екі топ «Алғырлар тобы» және «Тапқырлар тобы» өздерін таныстырып, атын, ұранын және әділқазыларға сәлемін айтып берді. Екінші «Жорға» деген турда оқушылар ауызша он сұраққа жауап берді. «Ғажайып үштік» турында қатысушылар өздері сұрақты ұпайына қарай және деңгейіне қарай таңдап жауап берді, осы турда сегізінші сынып логикалық ойлау қабілеттерін көрсете білді. Олардың ішінде ең белсенділік танытқан- Серіков Еламан.    Келесі турда даналардың ойларын аяқтауы керек болды. «Бәйге» турында  оқушылардың жоғарғы  ұпайы-15, 1-ші көмекпен- 10 ұпай және 2-ші көмекпен- 5 ұпаймен бағаланған  ұлы математиктар туралы сұрақ-жауап сайысы және логика сұрақтарына жауап берді. «Шешендік» деген кезеңде 8 сыныптан Қаратай Бекзат және 9 сыныптан Жексенова Аяулым сайысқа түсті, олар «Математика мен үшін ...» ойларын айтып ораторлық шеберлігін көрсетті. Ақырғы екі турда «Сүретшілер» сайысында  және «Ән мен математика» сайысында топтар екіге бөлініп, бір бөлігі- координаталар бойынша сурет салып, ал екінші бөлігі- математикалық терминдері бар өлеңдерді кезекпен айтып шықтты. Осы сайыстарда екі топ бір-бірінен асып түсті, бірақ  «Ән мен математика» сайысында 9 сынып мықты болып шықты. Әділқазылардың қорытындысы бойынша 8 сынып жеңіске жетті, ал 9 сынып, жеңілсе де, өздерінің білімді және ұйымшыл екенін көрсетті.