Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мәні зор педагогикалық кеңес
04-03-2013 11:11
         Мәні зор педагогикалық кеңес

 

«Мектеп және отбасы әрекеттестігі арқылы мектеп оқушыларының жеке тұлғасының моделін дамыту».Осы тақырыпта Павлодар қаласы № 20 лицей- мектебінде  көктемнің алғашқы күні -  наурыздың 1 жұлдызында педагогикалық кеңес болып өтті.

    18.03 – 25.03.13. аралығында тәжірибелік бөлімде сынып жетекшілері ата - аналармен өз – ара әрекеттестікке байланысты «Әкем, шешем, мен – біз спорттық жанұя», «Ұлың өсіп ержетті, қызың өсіп бойжетті», «Менің болашақ мамандығым», «Түлектердің мамандық таңдауда отбасының әсері», «ҰБТ – ге дайындық», «Мектеп пен отбасы бірге» тақырыптары бойынша сынып сағаттарын өткізді.

    01.03. күні теориялық бөлім бойынша қорытынды нәтижесі болды. ТЖжДО М.Ш.Темірболатова «Білім беру модернизациясы жағдайында ата –аналармен жұмыс жасаудың әдістері мен түрлері» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

    Мектептің әлеуметтік педагогы З.Е.Нұралина «Мектеп оқушыларының тұлғасын дамыту бойынша мектеп пен отбасының өз – ара әрекеттестігі» тақырыбы бойынша сөз сөйлеп, лицей -  мектебінің отбасы туралы, оқушыларының ата- аналарымен қарым – қатынасы туралы мәліметтер берді.

10 «Г» сынып жетекшісі С.К.Сүлейменова ата- аналармен көп жылдық тәжірибесі жайлы ой бөлісті.  Педкеңеске сол сияқты ата- аналар комитетінің төрайымы А.Т.Тұрғанбекова қатысып, ата- ана және педагог ретінде өз пікірін білдірді.