Ф.М. Достоевский көрмесінде
Жуырда №20 лицей- мектебінің 8 сынып оқушылары Бұқар жырау атындағы мұражайдың Ф.М.Достоевский көрмесінде болып қайтты. Семей мұражайынан әкелінген құнды жәдігерлермен танысып, суреттер көрді және Достоевскийдің жеке өмірінің кезеңдері мен шығармашылығы туралы қызықты мәліметтер алды. Мұражай қызметкерінің әсерлі әңгімесінен соң оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша жауаптар алды.