Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
VІ облыстық көптілдік олимпиадасы
24-04-2013 07:22
VІ облыстық көптілдік олимпиадасы

 

2013 жылғы 19 сәуір күні Инновациялық Еуразиялық университетінде  10-11 оқушылардың арасында VІ облыстық көптілдік олимпиадасы өтті. Мемлекет Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстанның әлемдік әлеуметтік-экономикалық кеңістікке интеграциялануына ұмтылуын көрсететін идеясы  Қазақстандағы көптілде білім беру мәселесінің шешілуіне аса өзектілік береді және отандық білім берудің алдында тұрған жоғары шыңдарды көрсетеді: ол қазақстандық мектептердің түлектері шетел жоғары оқу орындарында еш қиындықсыз оқуларын жалғастыра алатындай бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуы тиіс. Осындай білім беру бағдарламасының өзектілігі, көпқырлылығы көптілділік бойынша олимпиаданың өткізілуіне жол ашты.

Көптілдік олимпиаданың іріктеу кезенінде облыс бойынша 37 мектептен 144 адам қатысты. Областык кезеңіне 33 мектептен 97 оқушы өтті. Олимпиада екі турдан тұрды. Екінші турға 11 мектептен 19 оқушы қатысты.

Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің оқушысы Мұрат Әсел ИнЕУ ректорының грантымен марапатталды.Сол сияқты Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің оқушылары Жаныгулова Зарина - «Үміт жолы» номинациясымен,  Саят Маржан - «Қасиет» номинациясымен, Бөлежан Раушан - «Сөз шебері» номинациясымен марапатталып, лицей абыройын асқақтатты.