Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182) 22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: ул. Ак. Чокина, 159/4
8-(7182)22-04-10
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
VІ облыстық көптілділік олимпиадасы
24-04-2013 07:22
VІ облыстық көптілділік олимпиадасы

 

    2013 жылғы 19 сәуір күні Инновациялық Еуразиялық университетінде  10-11 оқушылар арасында VІ облыстық көптілділік олимпиадасы өтті. Мемлекет Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстанның әлемдік әлеуметтік-экономикалық кеңістікке интеграциялануына ұмтылуын көрсететін идеясы  Қазақстандағы көптілде білім беру мәселесінің шешілуіне аса өзектілік береді және отандық білім берудің алдында тұрған жоғары шыңдарды көрсетеді: ол қазақстандық мектептердің түлектері шетел жоғары оқу орындарында еш қиындықсыз оқуларын жалғастыра алатындай бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуы тиіс. Осындай білім беру бағдарламасының өзектілігі, көпқырлылығы көптілділік бойынша олимпиаданың өткізілуіне жол ашты. Көптілділік олимпиадасының іріктеу кезеңінде облыс бойынша 37 мектептен 144 адам қатысты. Облыстык кезеңге 33 мектептен 97 оқушы өтті. Олимпиада екі турдан тұрды. Екінші турға 11 мектептен 19 оқушы қатысты. Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің оқушысы Мұрат Асел ИнЕУ ректорының грантымен марапатталды.Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің оқушысы Жаныгулова Зарина - «Үміт жолы» номинациясына, Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің оқушысы Саят Маржан - «Қасиет» номинациясына, Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің оқушысы Бүлежан Раушан - «Сөз шөбері» номинациясына ие болды.